
Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.



17.02.2023ж күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөнідегі орынбасары: Б. Жолтыханқызының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу – өмір ұстазы...» атты үлкен жоба мәнерлеп оқу сайыс түрінде өткізілді. Мақсаты: жасөспірім балалардың оқуға құштарлығын ояту, дарынды балаларды анықтау, сөздік қорын молайту, жаттау қабілетін дамыту.Ұлы данышпанымыздың өлеңі мен өмірін, тәрбие көзі болған қара сөзін жас ұрпаққа насихаттау. Сайысқа 4-сыныптар арасынан 45 оқушы қатысып бағын сынады. Сонымен қатар Абай әлеміне бір сәт шолу жасап, ұлы ақынымыздың өмірбаянын, сан тараулы өлеңдерін және қара сөздерін балалар тартысты түрде ортаға салды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін ұлы додада шәкірттеріміз бар өнерін ортаға салып, жүйріктігімен, алғырлығымен сайыс алаңын қыздыра түсті. Сайыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып дараланып оза шапқан балаларымыз марапатталып сондай-ақ, барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды.


Мектебіміздегі МАД - топтарында “Мамандықты сүйемін” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілерді әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.



Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері арасында “Ризашылық - мейірімділік бұлағы” тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар тақырып аясында өздерінің әдемі суреттерін ұсынды. Сынып жетекшілер суреттерден көрме жасақтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.






“Бала құқығы - адам құқығы” мектепішілік іс - шара аясында “Бала құқығы - басты құндылықтарының бірі” тақырыбында сурет байқауына белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

20-қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндікті мектепішілік деңгейде өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Адам құқығы - бала құқығы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.




