|
|||


Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай бүгін мектебемізде "Тәуелсіздік - тәтті сыйы бабамның" тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік жиын "Азаттық құны" деп аталатын поэтикалық композициямен ашылды. Жиынға мектеп директоры К.Д.Нурбаева, Атамекен селолық округі әкімінің орынбасары М.К.Созакбаев және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Тәуелсіз елдің ұрпағы өз елін, азаттығын мәңгі жырлап өтеді. Олар тәуелсіздікті тәу етер жалғыз кием деп ұғады. Әр қазақстандықтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатар мейрам қарсаңында мектеп оқушылары мен мұғалімдері тәуелсіздікке арнап жалынды жырларын оқыды, ән айтылып, күй де шертілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының алғысымен марапатталды. Сонымен қатар, Атамекен селолық округі әкімінің алғысына ие болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Мұғалім үшін ең жақсы марапатты - оқушылар ғана береді" деген оймен келісер болсақ, мектебіміздегі Өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп президенті Х.Тұрлыбек ең үздік деген мұғалімдерімізді оқушылардың атынан марапаттады.
МЕРЕКЕ ТАҒЫ ДА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мектебімізде "Рухани шамшырақ" атты әдеби - сазды кездесу кеші өткізіледі. Кеш қонағы ақын, журналист Анар Шамшадинова Амангелдіқызы
Құрметті оқушы! "Ақынға сұрақ" айдарына дайын келіңіз. Көкейде жүрген сауалыңызға жауап алып, ақынмен кездесу кешінде ақын шығармашылығымен рухани сусындаңыз!
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі және "Өзін - өзі басқару ұйымы".


№7 жалпы білім беру орта мектебінің коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен әдеп кодексі 12 қазан 2020 жылы № 159-нқ бұйрығымен бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заң бұзушылықтарының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аршеева Гаухар Бектасовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне" "№7 жалпы білім беру орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемеге филантропиялық қызметтен және демеушілік қызметтен, немесе меценаттық қызметтен, және кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен қолма-қол ақшасын бақылау шоты ашылғандығы туралы мәліметін береміз. БСН - 110840007761, ҚБШ -KZ540704034648107001.
Аудандық 4 сынып арасында өткен "Елбасы – ел тірегі" атты көркемсөз байқауына қатысып Каналбаева Диана 4"В" сынып, Джанабаева Анель 4 «Б» сынып оқушыларыжеке жетістіктері үшін дипломмен марапатталды. Жетекшісі бастауыш пәні мұғалімдері: Г.Келешова, А.Талипова.
28.11.2017 ж. сағат 11 00-13 00 аралығында мектепішілік «Алтын күз-2017» байқауы өткізілді. Байқаудың міндеті мен мақсаты Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
«Үйренейік, ізденейік, жас маман»тақырыбында білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың қатысуымен серіктес мектептер арасында дебат турнирі өткізілді. Турнирдің нәтижесі бойынша мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Унгарбаев А. мен биология пәні мұғалімі Әзімбаева Н. І ОРЫНДЫ иеленді.
Аудандық «Үздік психолог – 2023» байқауынан мектебіміздің педагог - психологы Ахметова Айман жеңімпаз атанып, І ОРЫНға ие болды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!

«Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбындағы ауданның білім саласындағы ер мұғалімдер арасында өткізілген «Екі жұлдыз» ән байқауында жүлделі ІІІ ОРЫН иеленген мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Изтлеуов Есбол мен биология пәні мұғалімі Утепбаева Раушан мұғалімді құттықтаймыз!
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Гүлнұр аудандық «Үздік БЖБ» байқауында жүлделі 3-орынды иеленді.
Әріптесімізді бүгінгі жетістігімен, мектепке қосқан үлесімен құттықтаймыз!

ДЕБАТ ТУРНИРІ
Жас мамандар арасындағы аудандық пікірсайыс турнирінде жүлделі ІІ орын алған «Алау фракциясы» тарих пәнінің мұғалімі Унгарбаев Асанбек пен математика пәнінің мұғалімі Торебаева Махаббат
Құтты болсын !!! Биіктерден көріне беріңіздер
Аудандық ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында жүзеге асырылған «Lingua Peak» жобасының қорытындысы бойынша мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі АЙМУХАММЕДОВА ТОЙЖАН ИЛАМАНОВА жүлделі ІІ орынға ие болды.
ОБЛЫСТЫҚ ЖЕТІСТІК!
Облыстық «Тілші мұғалімдер» олимпиадасында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі жүлделі ІІ орынға ие болды.
ІІ орын № 7 мектептің мұғалімі Юсупова Нурдана Мухтаровна.
Әріптесімізді жүлделі орынымен шын жүректен құттықтаймын!
Ағымдағы жылдың 7-8 ақпан күндері аудандық «Тілші мұғалімдер-2023»педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту арқылы педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында өткен олимпиада қорытындыланды.
Екі күндік мұғалімдер олимпиадасы тартысты түрде, бәсекелестікпен өтті.
Нәтижесінде ағылшын тілі пәні бойынша, мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі
І орын №7 ЖББМ мұғалімі Юсупова Нурдана Мухтаровна иеленді.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Ағымдағы жылдың 7-8 ақпан күндері аудандық «Тілші мұғалімдер-2023» педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді көпшілікке таныту, білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту арқылы педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында өткен олимпиада қорытындыланды.Екі күндік мұғалімдер олимпиадасы тартысты түрде, бәсекелестікпен өтті.Нәтижесінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ІІ орын №7 ЖББМ мұғалімі Шамуратова Райхан Куванышбаевна иеленді.Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Аудандық «Үздік кітап оқитын мектеп» байқауынан мектебіміздің кітапханашысы Айсұлу Избасаровна жүлделі ІІІ орынға ие болды. Кітап оқитын оқырмандарымыз көп болсын.
2022 жылдың 12-23 желтоқсан аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының жоспарына сәйкес, шығармашыл мұғалімдерді интеллектуалды дамыту және қолдау үшін жағдай жасау және өзін-өзі көрсетуіне, жеке дамуына жәрдемдесу мақсатында « Мы не физики, мы - лирики» тақырыбында онлайн челлендж өтті.
Осыған орай Мұнайлы Ауданы бойынша мұғалімдеріміз баспа түрінде авторлық өлеңді және челлендж қатысушылардың бейне ролігі ереже сәйкес Инстагрмм желісіне жариаланды.
Челлендж қорытындысы бойынша №7 ЖББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аймаганбетова Зулайха Усембаевна «Сөз көркемдігі мен идеяның өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясымен марапатталды
Құттықтаймыз!
«Педагог» Республикалық озат педагогтар порталынан ұйымдастыруымен қткізілген «Педагогикалық идеялар» байқауына жұмысын ұсынып, елеулі еңбегін шығармашылықпен ұштартырып, жаңартылған білім мазмұны бойынша тәжірибесімен бөліскені үшін «Үздік ҚМЖ» номинациясы ІІ орын дипломымен З. Аймаганбетоваға марапатталды.
2018ж Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектеп ұжымы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық «Жас өркен» шығармашылық фестиваліне қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ақтөбе қаласында өткен ХХІ ғасырдағы "Алаштың ақ жолы" жалпыұлттық байқауынан тарих пән мұғалімі Атабаева Айнұр Алғыс хатпен марапатталды.
2018, Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының қатысушысы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 орта мектебінің мұғалімі Иманбаева Женискул аудан бойынша ІІІ орын алғаны үшін, Мадақтама марапатталды
2018, Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны Иманбаева Женискул қатысқаны үшін, Сертификат берілді.
Мектебіміздің жоғары санатты Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шамуратова Райхан 12 қазан 2018 жылы Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясында «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» V халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына қатысып, «Қазақ тілі мен әдебиетін табысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндамасын оқыды.
2018 жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімінен «Бірінші математикалық прогрессия» байқауына белсене қатысқаны үшін Суттібаева Гүлзира Джадрасынқызына "Алғыс" марапаты берілді.
2016/2017 оқу жылында пән мұғалімдерінің облыстық, республикалық сайыс, байқауларға қатысу мониторингісі
|
№ |
Мектеп атауы |
Мұғалімнің аты-жөні |
Сайыс атауы |
түрі |
Алған орны |
|
1 |
№7 |
Шукирбаева Айжан Аманкосовна |
Облыстық "Үздік көптілді педагог-2016" |
байқау |
ІІ |
|
2 |
№7 |
Шукирбаева Айжан Аманкосовна |
Облыстық «Үздік сабақтар» |
байқау |
"Жаңашыл мұғалім" |
|
3 |
№7 |
Келешова Гульсун Мухаммадовна |
Облыстық «Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы» |
олимпиада |
"Шығармашыл ұстаз" |
|
4 |
№7 |
Атабаева Айнур Абайевна |
Республикалық «АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану» |
сайыс |
ІІІ |
|
5 |
№7 |
Жуманиязова Манара Кадирбаевна |
Мекемелер арасында "Волейбол" |
жарыс |
І |
|
6 |
№7 |
Кубжасарова Зина Аманбаевна |
Мекемелер арасында "Волейбол" |
жарыс |
І |
|
7 |
№7 |
Эминов Хыдырбай Тажигулович |
"Отан қорғаушылар" күніне "Волейбол" |
жарыс |
ІІІ |
|
8 |
№7 |
Тулегенова Акмаржан Игиликовна |
"Тоғызқұмалақ" (мангала ойыны бойынша) |
жарыс |
І |
|
9 |
№7 |
Тулегенова Акмаржан Игиликовна |
"Тоғызқұмалақ" (бестемше ойыны бойынша) |
жарыс |
ІІІ |
Шукирбаева Айжан Аманкосовна
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
"Үздік көптілді педагог-2016" байқауы – ІІ орын
Үздік сабақтар байқауы - "Жаңашыл мұғалім" номинациясы
Келешова Гульсун Мухаммадовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы – "Шығармашыл ұстаз" номинациясы
Атабаева Айнур Абайевна
Тарих пәні мұғалімі
"Акт-ны сабақта тиімді пайдалану" сайысы – ІІІ орын
2016/2017 оқу жылында пән мұғалімдерінің аудандық сайыс, байқауларға қатысу мониторингісі
|
№ |
Мектеп атауы |
Мұғалімнің аты-жөні |
Сайыс атауы |
түрі |
Алған орны |
|
1 |
№7 |
Келешова Гульсун Мухаммадовна |
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы» |
олимпиада |
І |
|
2 |
№7 |
Жарылгасова Жадыра Нурсултанкызы |
Тілші мұғалімдер-2017 (ағылшын тілі) |
олимпиада |
ІІІ |
|
3 |
№7 |
Жуманова Гулия Майрамбаевна |
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы» |
олимпиада |
ІІІ |
|
4 |
№7 |
Садыкова Гульнар Тагановна |
"Алтын диск" |
байқау |
ІІІ |
|
5 |
№7 |
Жұмаханов Бауыржан Бекарысұлы |
"Волейбол" |
жарыс |
Алғыс хат |
|
6 |
№7 |
Кубжасарова Зина Аманбаевна |
"Волейбол" |
жарыс |
І |
|
7 |
№7 |
Жуманиязова Манара Кадирбаевна |
"Президенттік тест" |
сынақ |
ІІІ |
|
8 |
№7 |
Жуманиязова Манара Кадирбаевна |
"Волейбол" |
жарыс |
І |
|
9 |
№7 |
№7 орта мектеп «SevenKZ» командасы |
«Әзілкештер» байқауы |
КВН |
ІІ |
|
10 |
№7 |
№7 орта мектеп ұжымы |
«Тәуелсіздік-баға жетпес байлығым» |
фестиваль |
«Жігерлі ұжым» |
Жарылгасова Жадыра Нурсултанкызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
"Тілші мұғалімдер-2017" олимпиадасы – ІІІ орын
Жуманова Гулия Майрамбаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы – ІІІ орын
Садыкова Гульнар Тагановна
Информатика пәні мұғалімі
"Алтын диск" байқауы - "Ізденімпаз мұғалім" номинациясы
Келешова Гульсун Мухаммадовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы – І орын
Республикалық қашықтық олимпиадасы
Айтмаганбетова Зулайха Усембаевна
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Абдирахметова Гулзада Орынбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Алибаева Шолпан Алимжановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Иманбаева Женискул Кошербаевна
Бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – ІІ орын
Ералиева Мәдина Ералықызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Алимбаева Алмагуль Хабдушовна
Биология пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – ІІІ орын
Дибилова Райла Суюновна
Математика пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Алыгулова Джамал Сапарбаевна
Математика пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Толегенова Бибигул Жолтыхановна
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Калбаева Гулшат Мырзабаевна
Математика пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Алдабергенова Дина Ергалиевна
Математика пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – І орын
Махатова Тути Еламоновна
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұлттық Интернет Олимпиадасы – ІІ орын
Халықаралық қашықтық олимпиадасы
Тукенова Лаззат Аманкелдиевна
Химия пәні мұғалімі
Қашықтық олимпиада химия пәнінен – ІІІ орын
2011-2012 оқу жылында өткен оқушылардың аудандық пәндік олимпиадасының жеңімпаздары
|
№ |
Оқушылардың аты-жөні |
Пәні |
Сыныбы |
Алған орны |
Пән мұғалімі |
|
1 |
Шуркеева Нуржамал |
Қазақ тілі |
11 |
ІІІ |
Акмурзаева Б. |
|
2 |
Бектұрғанова Нурия |
Математика |
9 |
ІІІ |
Қалбаева Г. |
|
3 |
Чыгырбаева Курбанай |
География |
9 |
ІІІ |
Қорбақова Г. |
|
4 |
Тоғызбаева Кама |
Ағылшын тілі |
8 |
ІІ |
Шукурбаева А. |
|
5 |
Карабалаева Назира |
Физика |
8 |
ІІІ |
Саркулова Ж. |
А) «Жүргізуші» номинациясы бойынша 9 «В» сынып оқушысы Өтегенов Ертай-ІІ орын.
Ә) Би өнері бойынша 6 «В» сынып оқушылары Искалиева Айдана,Әкімбаева Айшат-ІІІ орын.
Б)«Терме» өнері бойынша 9 «В» сынып оқушысы Қармысова Нұрсұлу-ІІорын иеленді. Жетекшісі: Садикулова А.
2011-2012 оқу жылындағы оқушылардың аудандық спорттық жетістіктері:
2011-2012 оқу жылындағы оқушылардың облыстық спорттық жетістіктері:
2011-2012 оқу жылындағы мұғалімдердің жетістіктері:
Мектебімізде 21-30.11.2016 ж 1-11 сынып оқушыларына Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Біздің Елбасы», «Елбасы және Елорда», «Менің Президентім», «Тұңғыш Президент күні» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.