Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/12/2025  Сейсенбі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

1 - наурыз Алғыс айту күні
Алғыс айту күніне орай бастауыш сыныптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
3 “Г” сыныбы
Сынып жетекшісі Умарова Светлана мұғалім
101 102 103
"Қауіпсіз білім беру ұйымы" апталығы аясында жоғары сыныптарда вейптің, темекінің зияны туралы түсіндіріліп, ақпараттық сағаттар өткізілді. Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылданып, саналы тәрбие мен сапалы білім алуға шақырды.
Суттибаева Г.Д 5”Г” сынып жетекшісі
Асан Г.А 5”Б” сынып жетекшісі
su sut sutti
ЖАЛПЫ АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
“Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз ортаны қалыптастару” тақырыбындағы жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді.
Кездесуде
1. Алғашқы сөз мектеп директоры К.Д.Нурбаева
“Бала қауіпсіздігі - басты назарда”
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.Ж.Жарасбаева
“Қауіпсіз білім беру ұйымы”
3. Мектеп психологі Г.Т.Карбаева
“Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары”
4. Мектептің әлеуметтік педагогі Р.Қ.Батман
“Қауіпсіз білім беру ортасын құруда әлеуметтік - педагогикалық қолдау” тақырыптарында баяндамалар оқылып, еркін түрде пікір алмасу жүрді. Сонымен қатар жиналысқа Карыапызулы Мухаммедназар Ар-Рахман мешітінің Наип Имамы қатысып, бала тәрбиесіне қатысты ата - ана жауапкершілігі, балалардың қауіпсіздігі де туралы айтылды. Кездесу соңында сұрақ - жауап, ұсыныс - тілекпен жиналысымыз аяқталды.
   122 123 124 125 126

17.02.2023ж күні мектебімізде бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөнідегі орынбасары: Б. Жолтыханқызының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушылары арасында «Кітап оқу – өмір ұстазы...» атты үлкен жоба мәнерлеп оқу сайыс түрінде өткізілді. Мақсаты: жасөспірім балалардың оқуға құштарлығын ояту, дарынды балаларды анықтау, сөздік қорын молайту, жаттау қабілетін дамыту.Ұлы данышпанымыздың өлеңі мен өмірін, тәрбие көзі болған қара сөзін жас ұрпаққа насихаттау. Сайысқа 4-сыныптар арасынан 45 оқушы қатысып бағын сынады. Сонымен қатар Абай әлеміне бір сәт шолу жасап, ұлы ақынымыздың өмірбаянын, сан тараулы өлеңдерін және қара сөздерін балалар тартысты түрде ортаға салды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін ұлы додада шәкірттеріміз бар өнерін ортаға салып, жүйріктігімен, алғырлығымен сайыс алаңын қыздыра түсті. Сайыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып дараланып оза шапқан балаларымыз марапатталып сондай-ақ, барлық қатысушылар сыйлықтарға ие болды.

134 135 136 137 138

 

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 34 жыл.
Он жылға созылған (1979-1989) соғыстың аяқталып, бейбіт күнде ел ұрпақтарына ұлағатты сөздер, әр баланың кеудесіне патриоттық сезім ұялатар әңгім айтылған кездесу болды. Кездесу барысында соғыстың қалай басталып, аяқталғандығы, соғыстың қиындықтары мен ағаларымыздың ерліктері туралы айтылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Кездесу соңында өлең оқылып, оқушылар ауған соғысы ардагерлерімен естелік суретке түсті.
Ұйымдастырушы: тарих және құқық пәні бірлестігі
142

Мектебіміздегі МАД - топтарында “Мамандықты сүйемін” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілерді әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.

   154 155 156 157 158

 

“Ризашылық - мейірімділік бұлағы” іс - шаралар жоспарына сәйкес, мектептің мәжіліс залында музыка пәнінің мұғалімдері Дина апай, Ақжайық апай мен Шермұрат әріптесіміздің ұйымдастыруымен *“Қазақстан - менің алтын бесігім”* тақырыбында балалар фестивалі болып өтті.
Дарынды да, талантты оқушыларымыздың өнеріне үлкен рақмет!
 172 173 174
ЖАС КӨШБАСШЫЛАР БАЙҚАУЫ
Аудандық “Үздік өзін - өзі басқару ұйымының фракциясы” байқауы өз деңгейінде өткізілді! 
Оқушылар шын қуанышты, бірлік пен ұйымшылдыққа шақыра отырып, жас көшбасшылардың алғырлық пен шеберліктерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған слет көптің есінде қалары сөзсіз
Аудан бойынша барлық білім беру ұйымдарынан қатысушы фракция басшылары мен мүшелері төрт кезеңнен тұратын байқауда белсенділік танытып, командалық жеңіске қол жеткізді.
Мектебіміздің “Өзін - өзі басқару ұйымы” фракция басшылары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. “Спорт фракциясы” жан - жақты ең үздік деп танылып, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, кубок иегерлері атанды
  178 179 180

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері арасында “Ризашылық - мейірімділік бұлағы” тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар тақырып аясында өздерінің әдемі суреттерін ұсынды. Сынып жетекшілер суреттерден көрме жасақтап, белсене қатысқан оқушыларды марапаттады.

  181 182 183 184

Қоғамда парасаттылық мәдениеті мен құқықтық сауаттылықты күшейту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2020 жылдан бастап білім беру орындарында «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылып келеді.
Осыған орай, бастауыш сыныптарда “Адалдық сағаттары” өткізілді.
3 “Г” сыныбы, сынып жетекшісі Умарова Светлана мұғалім
  188 189  190
Қысқы каникул күндеріне арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес мектепішілік
4— қаңтар күні 7—8 сыныптар арасында футболдан «Теңбіл доп» жарысы өткізілді.
Жауапты мұғалімдер:
Көшенов Батыржан
Құлданбаев Бауыржан
Шарапиев Жақсылық
Жұмаханов Бауыржан
Иманкулова Райхан
Жұмагалиева Айнұр
Майшанова Алия
Рустамова Базаргүл.
Ойынға 8 команда қатысып, нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей болды:
1- орын 7 “Ғ” сыныбының командасы
2- орын 8 “Ғ” сыныбының командасы
3- орын 7 ”Ә” сыныбының командасы
Оқушыларымызды жетістігімен құттықтаймыз!
 203 204 205 206
Тәуелсіздіктің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік- қасиетім, қастерлім!» атты тақырып кеш болып өтті.
Салтанатты жиын мемлекеттік гимнмен басталып, одан әрі бастауыш сынып оқушыларының Отан туралы хорымен ашылды. Алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Қансұлу Дүйсенқызының құттықтау сөзімен басталды. Әрі қарай кешіміз өзін - өзі басқару ұйымы, мектеп парламенті мен белсенді оқушыларымыздың дайындағын концерттік бағдарламасымен жалғаса түсті.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау;
• Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру;
• көркем сөйлеу, сахнада өз-өздерін ұстау, шеберліктері мен жауапкершіліктерін арттыру;
Ұйымдастырушы: тәрбие бөлімі мен мектеп парламенті
  216 217 218
  
 
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022-2023 оқу жылында «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушылар арасында "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтікізілді. Сайысқа белсене қатысқан 8"Е" және 8"Г" сыныбының оқушыларына алғыс білдіреміз.
Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері: Күләш Бердибаева.
  219 220
“Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан!” тақырыбында 5 - 6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Оқушылар қызығушылықпен ынталана қатысты. Отан, туған ел, жер туралы өлеңдер оқылды. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
  221 222 223

“Бала құқығы - адам құқығы” мектепішілік іс - шара аясында “Бала құқығы - басты құндылықтарының бірі” тақырыбында сурет байқауына белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

239 240 241

20-қараша - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, "Бала құқығы - адам құқығы" республикалық онкүндікті мектепішілік деңгейде өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес "Адам құқығы - бала құқығы" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

248 249 250

"Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды"
Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында 2022 жылғы 8 қарашада Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқу орнында даярланатын мамандық түрлері мен бағыттары туралы кәсіптік бағдар беруші педагогтары 11 сынып оқушыларына ақпарат берді. Оқушылардың қызығушылығы сезілді,олар әңгімеге белсене қатысты. Әсіресе болашақта оқуға түсу үшін қажетті балдық жүйе туралы сұрақтар қызықтырды.
254
"Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.
2022 жылдың 28 қазан күні Мұнайлы ауданы, "№7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Қ. Бектуров, аудандық теолог маманы Т. Махмутовтың қатысуымен, "Діни экстремизм және терроризм" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Жиналыстың негізгі мақсаты деструктивтік діни ағымдар мен терроризмнің алдын алу жолдарын түсіндіру болатын. Жиын соңында оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға мардымды жауаптар алды.
260 261 262
24-29 қазан аралығында 1-7 сынып аралығында мектепішілік "Күзгі дәрумендер әлемі" атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой — өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиетттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
263 264 265
25 - қазан Республика күніне орай, “Адамгершілік және адалдық” тақырыбында мектепішілік дебат турнирі ұйымдастырылды.
Дебат турниріне барлығы 14 фракция қатысты. Турнир тартысты болып, өз деңгейінде өткізілді.
311788534 1563077487482201 5465519229815812720 n 311861746 1563077490815534 2411991627911523705 n 311863389 1563077517482198 7948998884873934689 n