Маңғыстау облысының білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің

"№7 жалпы білім
беретін мектеп"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі
23/12/2025  Сейсенбі
   

+7 (7292) 31 89 12
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Атамекен ауылы

2050 kz   adilet2kz   akorda kz   ban01 kz   ban02 kz       

Меню

Ауа райы

  Ақтау
 
 

pogoda

14.07.22 1

Мобильное приложение для родителей

Разработано для родителей с целью предоставления им возможность отслеживания успеваемости своего ребенка в школе

Play Market App Store

 14.07.22 2

Мобильное приложение для учителей

Разработано для учителей с целью предоставить им возможность управлять учебно-образовательным процессом в школе

Play Market App Store

logo new

TopIQ – современные цифровые учебники

Познакомьтесь с примерами заданий и анимацией.

https://topiq.kz/ru 

 

ПАТРИОТИЗМ ДАУЫСЫ
25 қазан - Республика күніне орай жасақталған жоспарға сәйкес бүгін мектебімізде мектепішілік лездеме уақытында мемлекеттік Гимнді орындау шарасы өтті. Шараға мектептің жоғары сынып оқушылары мен мектеп Парламенті қатысты.
311569637 1561617600961523 4227968761537298169 n 311705114 1561617590961524 4547539639599575406 n
 

Қазан айындағы іс - шаралар жоспарына сәйкес, мұғалімдер мерекесі қарсаңында мектебімізде “Дублер күні” ұйымдастырылды. Атаулы шараға өзін - өзі басқару ұйымы, мектеп парламенті мен жоғары сынып оқушылары белсене ат салысты. Мектеп әкімшілігі қызметін мектеп парламенті алмастырды. Мектеп директоры қызметін жаңа оқу жылында сайланған мектеп президенті Қожаметов Алижан атқарды.

310915453 1555104611612822 4351528351486253486 n 311204077 1555104551612828 4576875680627654448 n 310962215 1555104601612823 2046289371364593406 n

Діни ағымдарға жол жоқ тақырыбындағы дебат
2022 жылдың 16 қыркүйек күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты, Мұнайлы ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы «Радикалды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық-насихаттық материалдарды дайындау және насихат жұмыстарын жүргізу» аясында «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастар арасында Мұнайлы ауданы №7 мектеп оқушыларымен «Діни ағымдарға жол жоқ» тақырыбында дебат өтті.
Шараны РАТТ мүшесі Азамат Нұғманұлы жүргізіп, шараның қазіргі таңда маңыздылығын, мақсатын түсіндірді. Шараның мақсаты жастарды діни экстремизм, радикализм идеологиясын қабылдамауға, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіруге баулу болып табылады.
Шара барысында «Дін және мемлекет», «Зайырлы мемлекет құндылықтары», «Толеранттыттылық дегеніміз не?» тақырыптарында өз өнерлерін, шеберліктерін көрсетіп, үш топқа бөлінді. Әділ қазылар алқасы әр топтың жұмыс нәтижелеріне қарап шешімдерін қабылданып, орындар белгіленді.
Кез келген қоғамда, соның ішінде Қазақстандық қоғамда діннің маңызы ерекше екенін және жастар өмірінде оның белгілі орны бар екенін ескеруіміз керек. Қазақстанда түрлі діни ағымдар жұмыс істейтіні жасырын емес. Жастар теріс діни ағымдарды, бағыттарды танып, айыра білуі қажет. Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
307088422 1537710953352188 462769024351729478 n 307119723 1537711023352181 8147802218300483847 n 307450392 1537710943352189 5002663437553012865 n

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында қазақ тіліндегі эссе байқауы

28.10.21 26 28.10.21 26

5 қараша күні  «Күзгі бал-2019» атты тақырыбында 10 сыныптар арасында Күзгі бал өткізілді. «Күзгі балл» мектепішілік  кешінің  мақсаты:  Оқушылардың  арасынан күз ханшайымы  және күз ханзадасын  анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін анықтау, сайысқа деген қызығушылығын арттыру. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге  тәрбиелеу. Байқауда «Тегімді менің сұрасаң…», «Бар ізгілік тек білімнен алынар», «Жұлдыздар шеруі...», «Мерекелік дастархан мәзірі»  және  өнер сайысы бөлімдері бойынша сынға түсті.  Мектепшілік өткізілген «Күзгі бал-2019» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізіп, өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Барлық сыныптар түгелдей қатыстырылып, өз өнерлерімен тәнтті етті. Байқауды қорытындылау үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімі Г. Амантаева, мектептің тәрбие ісінің орынбасары Г. Келешова және директордың дарынды балалармен жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Базарбаева қатысып, оқушылардың өнерлерін тамашалады. Сайыста төрешілер бас жүлдені 10 «А» сыныбының оқушылары Парахатов Қанат пен Даулетбаева Айнұрды «Күзгі бал-2019» ханзадасы мен ханшайымы деп ортақ шешімге келіп, тәж кигізіп жүлделі орындарымен құттықтаса, І орынды 10 «В» сыныбы Кадырханов Досбол мен Куракбаева Назира иеленді. ІІ орынды 10 «Г» сыныбындағы Жетібай Нұрғазы мен Омурзакова Шынарай жеңіп алса, ІІІ орынды 10 «Ә» сынып оқушылары Бәтей Аят пен Рамазанова Айгеріммен және 10 «Б» сыныптың оқушылары Алимбаев Бекарыс пен Зулфыхар Гаухарға бұйырды. Сайысқа қатысқан барлық оқушылар ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен марапатталды. Бұл мерекелік шараға қатысқан, әрбір сынып өз үлестерін қосып, ұйымшылдықпен өздерін көрсете білді. Байқау өз деңгейінде өтті.

09.10.2019 ж. күні «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-сынып қыздары арасында сайыс өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдепттілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыдамдылыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қыз тәрбиелеу.

Сайысқа әр сыныптан үш қыздан қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Қыз қылығымен сүйкімді» өз өнерін көрсету, екінші кезең «Ақылды қыз білімге жүгірер» қазақ қызының қазіргі бейнесі туралы пікір білдіру, үшінші кезең «Қыз өссе елдің көркі» ас үй мәзіріне байланысты тапсырма берілді. Екінші кезең бойынша қыздар әсем ән айтып, мың бұрала билеп, сонымен қатар, салт-дәстүрлерді ұлықтайтын көріністер көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Аршеева сайысты қорытындылап қатысушыларға марапаттады. Сайыс өз деңгейінде өтті.

8 қазан күні «Қыз инабаттылығымен әдемі, әдептілігімен сәнді» атты сайыс өткізілді.Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейім, еңбекқор, білімді де әдепті, сезімтал да саналы, өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндеті.Анасына қарап қыз өсер, әкесіне қарап ұл өсер деп айтылғандай, қыз анасына қолғанат болу керек, қамқоршы болу мақсатында өткізілді. Бұл сайысқа 9 сынып оқушыларымен аналары қатыстырылды. Қыздар мен ана арасындағы қарым-қатынасын нығайту, қыздардың арасындағы тән ұлттық тәрбиеге бағытталған. Аналардың қыздарын қаншалықта деңгейде білетіне туралы сұрақтар қойылды. Жанұядағы қыз тәрбиесінде ата-ананың рөлі. Қыз баланы сыйлауға, құрметтеуге, инабаттылыққа, ибалылыққа,әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуді жүзеге асыру.Жалпы қыз баланың отбасындағы тәрбиесі оларды өмірге бейімділігі, еңбекқор, білімді де әдептілігі, сезімтал да саналы болуы, өнегелі де биік етіп тәрбиелеу ананың міндетті, сондықтан ортамызға 9 сыныптағы қыз балалардың аналары шақырылды.Әр кезеңнен тұрған сайыстан аналардың қыздарымен көрсеткен өнерлеріне тәнті болдық. Қатысқан ата-аналарға алғыс білдіріп, оқушылар марапатталды.

28 қыркүйек күні Облыстық өлкетану мұражайында Ә.Кекілбаевтың 80-жылдығына орай «Өлкетану» үйірмесінің жетекшілері Аршеева Гаухар және Утепова Ләззат «Маңғаз Маңғыстау Марқасқасы» атты тақырыпта танымдылық ашық тәрбие сағатын өткізуге барды. Мұражай қызметкерлеріде жылы шырай танытып қарсы алды. Сабақтың мақсаты тарихи тұлға Әбіш Кекілбаев заманымыздың бір заңғар тұлғасы, оны зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететіні жайлыөмірі мен шығармашылығына шолу жасап, қабілетін арттырып, оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрметсезімді және сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі сұрақ-жауап, әдеби тілде сөйлеуге үйрету. Саяхат барысында дамытушылық сұрақтар, тапсырмалар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландырып 3 топқа бөліп, әңгімелерінен үзінді оқыпоқшылар өз топтарын қорғап шықты. Бір-біріне сұрақтар қойып білімдерін арттырды.Ақын-жазушы туралы көптеген мәліметтер алды. Оқушылардың түйген ойлары адамгершіліке, саналы білім алуға, имандылыққа, әділ болуға тәрбиелеу. Мұражайдағы құнды жәдігерлерді өз көздерімен көріп, елеулі жаңалықтарымен бөлісті. Мұражайдан шыққан оқушылар рухани байып, ой өрістері кеңейіп, білімдерін шыңдай түсті.

12 қаңтар күні 10-11 сынып арасындағы мектепшілік футбол жарысы өтті. Жеңімпаз оқушылар орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы дене пәні мұғалімі: Б.Сагынбаев

І орын 11 "А"
ІІ орын 11 "Ә"
ІІІ орын 10 "Б"

12.01.19ж күні мектебіміздің сынып жетекшілерімен, "Тәрбиелік шараларды тиімді өткізудің заманауи формалары" тақырыбында тренинг - сабағы өткізілді. Тренинг барысында психологиялық ахуал арқылы тәрбиенің түрлерімен топқа бөлініп, мектеп өміріне ата-аналарды қатыстырудың заманауи формаларымен таныстырылды. Сонымен қатар тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырудағы кедергілер мен нәтижелер туралы ой қозғалып, тәжірибе алмасты, Ұйымдастырған: ДТЖО Г.Келешова, Ж.Шайкова.

08.01.2019 жыл күні оқушылардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаеваның ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз болашақ» атты КТК сайысы өткізілді. Сайыста 7-9 сынып оқушыларынан 3 команда қатысты. Сайыс тақырыпқа сай, әділ әрі тартысты өтті. Әділ қазылар алқасының мүшелері «Адал Ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Ж.Туретаева, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.Шаханова, математика пәні мұғалімі А.Хабай және Облыстық КТК ойындарының 3-орын жүлдегері Юпитер құрамасының капитаны А.Қияқбай.

16.12.18 күні Тәуелсіздік күніне орай 9-10 сыныптар арасында футбол және волейбол жарыстары өткізілді.10-шы сынып оқушылары I орынға, ал 9 сынып оқушылары II орынға ие болды.

15.12.18 күні "Ел ертеңі-салауатты ұрпақ" атты көңілді старт эстафеталық жарысы өтті. Жарысқа мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлерден құралған 7 топ қатысты.

14.12.18 күні оқушыларға патриоттық сезімін ұялату, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында 7 сыныптар арасында "Тәуелсіздік тұғырым" атты танымдық сайысы өткізілді. Сайысқа барлық 7-сыныптар қатысты.

14.12.2018 күні 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!" атты мерекелік шара өткізілді. Облыстық, аудандық іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен ұстаздар Аудандық білім бөлімінің басшысының, Атамекен ауылдық село әкімінің және мектепішілік алғыс хаттармен марапатталды. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Бүгін мектебімізде оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, оларды өз отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында 2 "г", 3 "г" және 4"ж"сыныптарында "Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан", "Тәуелсіздіктің таңы атқан күн" тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. Жетекшілері: Нургалиева Салтанат, Биранова Тынышкул, Карибаева Жанайым.

08.12.2018 ж күні 9 "б" сыныбынды жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында "Әке-бәйтерек, бала-жапырақ" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 2004-2006 жылғы ұлдар мен қыздар арасында Атамекен ауылдың әкімдігінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.

Мектебіміздің мектепалды даярлық сыныптары арасында "Армысың, Алтын күз!" ертеңгіліктері өткізілді. Ертеңгіліктер талапқа сай безендіріліп, ән-би, көріністер көрсетумен ата-аналарды тәнті етті. Ертеңгілікке ДТЖО Г.Келешова мен пед.ұйымдастырушы Тураева Г. және мектепалды даярлық сыныптарының ата-аналары қатысты.

Қазанның 24-і күні кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 3-4-сынып оқушыларына "Мен - тәртіпті баламын" тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізілді.